Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, күрделі оқу-жаттығу әрекеттері Теміртаудағы «Металлург» стадионы мен Қарағандыдағы Теміржолшылар мәдениет үйінде өтеді.
Жедел топтар адамдардың көп жиналатын орындарында террористік сипаттағы қауіп-қатерлер орын алған жағдайда қолданылатын іс-әрекет дағдыларын меңгерді.
«Азаматтардың өткізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, тыныштық сақтап, жол қозғалысының бағытын алдын ала белгілеп, оқуға жұмылдырылған мамандардың заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - деп хабарлады терроризмге қарсы күрес штабында.