Қарағанды облысы ПД әйелдер кеңесінің жыл соңында ішкі істер органдарында жұмыс істеген ардагер әйелдерді марапаттау және өз қызметінің қорытындысын шығару жақсы дәстүрге айналған.
Жаңа жыл қарсаңында облыстың ПД «Жаңа жылдық құттықтау» атты іс-шара өткізді. Салтанатты шара соғыс және Еңбек Даңқы мұражайында өтті.
«Біз полиция департаментінің қабырғасында жаңа жыл қарсаңында жиналып отырмыз. Алғашқы жылдары көпбалалы отбасылар мен полицей жұптар, полиция әулеттері марапатталды. Биыл қазақстандық полицияның қалыптасуына үлес қосқан ардагер әйелдерді құрметтейміз», - деп атап өтті Қарағанды облысы ПД штаб бастығы, полиция полковнигі Наталья Адюкина.
Әйелдер кеңесі отбасын нығайтуға, отбасылық және мәдени құндылықтарды, жас ұрпақтың жүрегінде патриотизмді насихаттауға бағытталған ІІО-ның жұмысына белсенді қатысқаны үшін Ли Ольга Александровна, Пермякова Валентина Семеновна, Хамитбекова Кулпар Әбдісалыкова, Сафронова Наталья Григорьевна, Ася Хегай және т.б. ІІМ-нің ардагерлеріне алғыс білдірді.
Іс-шара соңында барлық қонақтарға естелік сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді.