«Жыл басынан бері облыстың барлық аудандарында жергілікті полиция құрылып, полицияның 19 басшысы тағайындалды. Жаңа құқық қорғау органының штатында 2 700-ден астам қызметкер бар. Жергілікті полицияның қызметі үшін 350 көшпелі видеотіркеу құралын сатып аламыз, бұл мақсатқа биыл 52,5 млн теңге бөлінді», - деп хабарлады Н.Әбдібеков аймақтық орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде.
Оның айтуынша, облыстық ішкі істер департаментінің жанынан консультативті-кеңестік орган құрылған. Орган құрамына үкіметтік емес ұйымдар мен мәслихат депутаттарының атынан 9 адам мүше болып отыр.