Бұл туралы облыстық ІІД жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Олжас Арынов хабарлады.
«Бүгінгі таңда ІІБ 68 қызметкері жыл басынан бастап жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Олардың төртеуі жұмыстан шығарылды, қалғандары жазаланды», - деді О. Арынов жалпы республикалық «Жолдардағы қабылдау» іс-шарасын өткізу кезінде.
19 маусымда болған іс-шараға жол полицейлері, сот атқарушылары, облыстық «Нұр Отан» ХДП филиалы қоғамдық қабылдауының өкілдері, сондай-ақ, автобус паркінің басшылары мен жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі инженерлер қатысты.
Іс-шара барысында жол полициясының жұмысын жақсарту мәселесі төңірегінде азаматтарға сауалнама жүргізілді. «Жолдардағы қабылдау» жылжымалы пункті Қарағанды көшелерімен жүріп отырды. Оған барғандар дереу жол полициясы қызметі мәселелері жөнінде консультациялар алды.