13 сәуірде баланың жоғалғаны туралы ата-анасы полицияға хабарлаған. Іздестіру шаралары кезінде баланың мәйітін кент тұрғынының үйінен тапты. Алдын-ала болжам бойынша, бала буындыру салдарынан қаза тапты.
«Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.