Аталған фактілер Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Ғ.Мұстафин атындағы кенттегі полиция бөлімінде тіркелген.
«24 жастағы жігіт мас күйде Рейслер маркалы мотоциклмен жол шетіндегі шұңғырға (кювет) түсіп кеткен. 34 жастағы ер адам «Москвич 2140» маркалы көлікті жүргізіп, жолдан шығып кеткен. Куәландыру кезінде жол қозғалысын бұзушылардың ауыр дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды. Екі дерек бойынша материалдар жиналып, соттың қарауына жіберілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Сот қаулысына сәйкес құқық бұзушы екеу ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру түрінде әкімшілік жазаға тартылды.