Қарағанды облысында «Қарқаралы уездік милициясының» 100 жылдығы аталып өтті

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы полиция бөлімінде ішкі істер органдарының тәлімгерлері мен жас қызметкерлерінің ІХ Слеті өтті. Сондай-ақ «Қарқаралы уездік милициясының» жүз жылдығы тойланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Слеттің жұмысына жас қызметкерлерден басқа, өз өмірінішкі істер органдарындағы қызметке арнаған, өз ісінің кәсіби мамандарыныңбірнеше буынын тәрбиелеген, қазір де қылмысқа қарсы күрес және елдегі қоғамдықтәртіпті қамтамасыз ету ісіне лайықты үлес қосуды жалғастырып жүрген олардыңүздік тәлімгерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері де қатысты.

«Аталған іс-шараның басты мақсаты-ішкі істер органдарықызметкерлерінің алдында тұрған міндеттерді жас құрамға жеткізу, қызметін жаңабастаған полицейлердің моральдық қасиеттерін шыңдау, қазақстандық полицияқызметкерлерінің имиджін көтеру болып табылады. Қазіргі ұрпақ, әсіресе жастартарихымызды білуі және есте сақтауы тиіс. Осыған байланысты біз облыстықслетпен бірге «Қарқаралы уездік милициясының 100 жылдығын» өткізу жөнінде шешімқабылдадық»,-деп атап өтті Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары полицияполковнигі Қайыркен Әлиев.

100 жылдық мерейтой аясында ауқымды шараларұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар, барлық ардагерлер, Қарқаралы ауданыполиция бөлімінде әр жылдары жұмыс істеген полицейлер мен олардың жетекшілері жәнеДепартамент басшылығы Қарқаралы қаласының орталық саябағында жиналып, қазаболған полиция қызметкерлерін еске алу мемориалын ашты.

Ескерткішті ашу құрметіне полиция полковнигі ҚайыркенӘлиев, Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Берік Тоқмурзин және ҚР ІІМ ішкіістер органдар және ҰҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция генерал-майорыӨмірзақ Болсамбеков ие болды. Ардагерлер мен жиналғандар бейбіт уақыттақазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өмірін қиған әріптестерінеске алды.


Мемориал ашылғаннан кейін слеттің барлық қатысушыларыбалалар үйінің тәрбиеленушілері демалатын «Жас дәурен» лагерьіне барып, полициябасшылығының атынан балаларға тәтті сыйлықтар батыс етті.

«Біз Сіздерге, балалар, Отанымыздың нағыз патриоты болудыжәне болашақтарыңыз жарқын болуын тілейміз», - деп атап өтті милициягенерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков.

Сондай-ақ, бұл күні Қарқаралы ауданы ПБ-ніңжауынгерлік және еңбек даңқы мұражайының ашылу салтанаты өтті. Мұражай жәдігерлеріауданның түпкір-түпкірінен жиналған, сонымен қатар негізгі бөлігі Семейқаласынан әкелінген. Себебі Қарқаралы уездік милициясын құру кезінде ол Семейгуберниясына қараған. ІІО және ҚР ІІМ ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы ӨмірзақҚоспанұлы Жергілікті полиция бөлімінің бастығы Бекболат Зеитовке осы өлкеде туғанмилиция генерал-майоры Мұрат Құрмановқа бұрыш ашуды ұсынды.

Слетке қатысушылар Қарқаралы қаласының Мәдениет үйіндеіс-шараның пленарлық бөлігін өткізді. Онда жас ұрпақты тәрбиелеуге белсенді үлесқосқан үздік қызметкерлер мен ардагерлер ІІМ символикасы бар қол сағаттармен,құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен, сондай-ақ «Қарқаралы уездікмилициясының 100 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Облыстық слет соңында қонақтарға «Көкпар», «Теңге алу»және «Аударыспақ» сияқты ұлттық спорт түрлері көрсетілді. Іс-шара гала-концертке ұласты. Бағдарлама соңында мерекелікотшашу болды.

Соңғы жаңалықтар