«12 сәуір күні есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері арнайы іс-қимылдар барысында «Алматы-Екатеринбор» күре жолында Өзбекстан Республикасының 27 жастағы азаматы жүргізген «Лада-Гранта» маркалы көлікті тоқтатты. Көлікті тексеру барысында жалпы салмағы 10 келіге жуық есірткі - героин анықталды», - деді облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Ерлан Омарбеков.
Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталған азамат ұзақ уақыт бойы Орталық Қазақстан және республиканың солтүстік аймақтарына «ауғандық» героинді жеткізу және сатумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы болып табылады.
Аталған партияны сату жағдайында есірткі дилерлері шамамен 70 млн теңге пайда табуы мүмкін болғаны атап өтілді.
«Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оның сыбайластарын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу-жедел шаралары өткізілуде», - деп қосты Е.Омарбеков.
Ведомствоның ақпаратынша, жыл басынан бері Қарағанды облысының полицейлері 100 келіге жуық түрлі есірткілік заттарды, соның ішінде 25 келіге жуық героинді заңсыз айналымнан шығарды.