Жоғалған баланы 200 полиция қызметкері мен ерікті іздеді. Өкінішке орай баланы өлі денесі ауыл шетінен табылды.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы бүгін облыстық полиция департаментінде өтетін брифингте айтылады.
5 қыркүйекте Шет аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне Бұрма ауылының тұрғыны 22 жастағы келіншек баласын ұрлап кеткені жөнінде шағымданған. Оның 23 жастағы танысы ұл баланы қолынан тартып алып, қашып кеткен.