«30 сәуірде Алматы-Екатеринбург тасжолында 1961 жылғы Volkswagen Passat автомобилінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа өтіп кеткен және металл қоршауға соғылған. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, ал 1989 жылғы жолаушы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, әрі арнайы сараптамалар тағайындалған.
Оқиға туралы апат куәгерлерінің бірі интернетке жол апатының видеосын жариялағаннан кейін көпшілікке мәлім болды. Автордың айтуынша, екі ер адам көліктің ішінде қысылып қалған. Олардың ірі сол жерде көз жұмса, екіншісі көптеген жарақат алған.