Қарағанды полицейлері кісі өлтірген қылмыскерді жарты сағатта іздеп тапты

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды полицейлері кісі өлтіру қылмысын 30 минутта ашты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«27 ақпан күні Қарағанды облысының барлық ішкі істер органдарына таңғы төртте ер адамның мәйіті пышақ жарақатымен табылғаны туралы хабар таратылды. Қылмыскерді іздеуге қаланың барлық патурльді экипажы мен кинологиялық қызметі жұмылдырылды», - деп мән-жайды баяндады өңірлік ІІД баспасөз қызметі.

Арнайы үйретілген ит қылмыскердің иісі арқылы ізіне түсті. Полиция, өз кезегінде автокөлік шиналарының протектор ізін анықтады. Нәтижесінде полиция қызметкерлері кісі өлтіруге күдіктінің орналасқан жерін тапты.

«Кісі өлтіру қылмысынан 30 минут өткенде №1125 автопатруль қызметкерлері 22 жастағы Қарағанды тұрғынын ұстады. Ол 27 жастағы зардап шегушімен жанжалдасып қалғанын және оны өлтіргенін мойындады», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Ұсталған күдіктінің пышағы тәркіленді. Ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлімі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар