Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жасағы қала көшелерінің бірінде жылдамдықты асырып жүріп келе жатқан ВАЗ-21112 автокөлігін тоқтатты. Тәртіп бұзушы 19 жастағы жас жігіт болып шықты.
«Құжаттарды тексеру кезінде көліктің Ресей Федерациясының Пермь өлкесінің тұрғынына тиесілі екені анықталды.
Сондай-ақ, көлікті тексеру кезінде патруль қызметкерлері өзгертулер жасалғанын байқаған - багаж бөлігінде дәнекерлеу іздері болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 386-бабы «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.