Қарағанды тұрғындары үйіндегі жылуды өшіруге өтінім бере алады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды тұрғындары жылыту жүйесін өшіру жөнінде өтініш бере алады. Бұл - тұтынушылардың қаражатын үнемдеу мақсатында жасалып отырған шара, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда тұрғындардың өтініштері бойынша жылу өшіріледі. Бұл туралы қалалық әкімдікте хабарлады.

«Жылыту маусымы аяқталуға жақын. Өткен жылғыдай біреуі - үй суық, екіншісі - ыстық деп шағымданбас үшін тұрғындардың өз өтінішімен ғана жылытуды тоқтату туралы шешім қабылданады. ПИК, ЖС немесе МИБ органдары «Теплотранзит» ЖШС-не үйді жылудан ажыратуға өтінім беруі тиіс және бір тәулік ішінде жұмыс жүргізіледі. Үш тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы 10°С және одан жоғары болған кезде қалада жылыту маусымын аяқтаймыз», – деп жазды Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов Instagram парақшасында.

Басқарушы орган төрағасының қолы қойылған өтінімді Пригородная көшесі, 9/2 мекенжайында орналасқан «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жедел-диспетчерлік қызметіне жазбаша беру қажет.

Анықтама телефоны 56-17-79.