«Биыл 23 мамырда Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасы оңтүстік-шығыс полиция бөліміне Қарағанды облысының үш тұрғыны келген. Олар 34 жастағы қала тұрғынының несие рәсімдеймін деген сылтаумен жарты миллион теңгені иемденгенін айтып, шағымданған», - деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Полиция қызметкерлері бұрын осындай әрекеті үшін істі болған 34 жастағы күдіктіні ұстады.
Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.