Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде осы бұзақылықтың видеосы орналастырылды.
Онда бір топ жасөспірімнің жүгіріп жүргені байқалады. Олар тұрақта тұрған көліктердің жанынан өтіп, қайта оралып, топ арасынан бір қыз көліктің төбесіне секірген. Жеңіл көліктің шатырында бірнеше рет секіріп, олар оқиға орнынан қашады.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды қалалық полиция басқармасы Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері 17 жастағы қызды ұстады. Сондай-ақ, полицейлер сол күні күдіктінің тағы екі көлікке зақым келтіргенін анықтады. ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.