«Із-түзсіз жоғалған Денис Ромашковты бүгін Михайловск полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тапты. Оның жағдайы жақсы, аман-есен табылды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Бұдан бұрын БАҚ Қарағандыда 41 жастағы анестезиолог дәрігер Денис Ромашковтың 18 наурыздан бері іздестіріліп жатқаны туралы хабарлаған еді. Ер адам ауладан жоғалып кеткен.