«13 желтоқсан күні күндіз Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданының көлікке жанармай құю стансаларының бірінің жанында жолаушылар автобусының жүргізушісі алдын ала нұсқа бойынша, көлікті басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан автобустың жүргізушісі мен жедел жәрдем фельдшері ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасыбойынша қылмыстық іс қозғалды, бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.