«Мұндай шаралардың өткізілуі жас полицейлерге өнеге болмақ», - дейді Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Айдар Маханбетов.
Еске сала кетейік, 2017 жылғы желтоқсанның аяғында жергілікті полиция қызметі теміржол полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Асыл Жұманов пен полиция аға сержанты Таңатов Сержан түнгі кезекшілік кезінде Сортировка кентінің үстінде будақтаған қою түтінді көріп, жылдам сонда аттанған. Олар бірнеше минуттың ішінде бір отбасын өрттен сақтап қалған болатын.
Тәртіп сақшыларына басшылықтың марапатынан бөлек, құтқарылған отбасы да алғыс айтып отыр.