Қарағандыда елден шығарылатын 13 шетелдік шекараға дейін жеткізілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдан көші-қон заңын бұзған 13 шетелдікті, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтарын елден шығарып жіберді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«2016 жылы Қарағанды облысының соттары 359 шетел азаматын көші-қон заңын бұзғандары үшін ҚР аумағынан шығару жөнінде үкім шығарды.  Олардың 315 өз еркімен елден кетті, ал 44 сот шешімін елемеді. 13-ін тәртіп сақшылары ұстады. Бүгін оларды елден шығару бойынша шараларды жүргізіп жатырмыз», - деді Қарағанды облысы бойынша ІІД басшысының орынбасары Берікбол Қасенов.

Ол 13 шетелдіктің 7-уі Тәжікстан, 6-уы Өзбекстан азаматы екенін айтты.  
«Тәжікстан азаматтары негізінен базарда жұмыс істеген. Олар аяқ-киім сатты. Сонымен қатар құрылыс алаңдарында жұмыс істеді», - деп атап өтті Б. Қасенов.

Оның сөзіне қарағанда, ведомстволық автобуспен оларды Өзбекстанмен шекараға ОҚО-дағы Сарыағаш ауданындағы бекетке дейін жеткізеді. Жолға олармен бірге көші-қон полициясы басқармасының және арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкері аттанады.