Қарағандыда ер адамның мәйіті табылды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында тәртіп сақшылары 29 жасар жігіттің өлі денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 4 тамызындаМолоков көшесіндегі жер үйлердің бірінің сарайында дене жарақаты белгілері бар29 жастағы азаматтың мәйіті табылды.

Аталған дерек бойынша ҚазақстанРеспубликасы Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 1 тармағы «Адам өлтіру» бойыншақылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция жәнеучаскелік полиция инспекторларымен бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларыбарысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы бұрын сотталғаназамат анықталған. Тергеу барысында ол жәбірленушімен өзара ішімдік ішубарысында оған дене жарақаттарын салғандығын мойындаған.

Соңғы жаңалықтар