Қарағандыда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды
15:31, 25 Сәуір 2019
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда өлі сәбидің табылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25 сәуірде Қарағанды қаласы Октябрь ауданының 12- ықшам ауданындағы үйлердің бірінің маңындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды.
Аталған дерек бойынша барлық ішкі істер органы қызметкерлеріне бағыттама берілді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шақалақтың анасын іздестіріп жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда.