Оқиға 22 мамырда кешкі жетілер шамасында орын алған.
«102 телефонына автобус кондукторы хабарласып, салонда бірнеше секундтан кейін бомба жарылатынын мәлімдеген. Жүргізуші автобусты тоқтатып, 47 адам сыртқа шыққан. «Арлан» арнайы бөлімшесінің саперлері автобусты тексеріп, жарылғыш зат таппады. Сағат 19.50-де іздеу тоқтатылды», - деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Б. Құдияров.
Оның айтуынша, Қарағанды ІІБ жол-патрульдік полициясы полкінің қызметкерлері оқиға орнынан мас 38 жастағы ер адамды ұстады.
«Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған ҚР ҚК 273-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізілуде», - деді ол.