4 сәуірде сағат 9.05-те Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне Мұқанов көшесіндегі облыстық медициналық орталықта қол жуғыш шұңғылшаның астынан скотчпен оралған зат табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
«Қарағанды облысы ПД жедел кезекшісі оқиға орнына барлық шұғыл қызметтерді жіберді. Медициналық мекеме ғимаратынан 400-ге жуық адам эвакуацияланды, оның ішінде медперсонал, пациенттер, келушілер бар»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері табылған затты – түймелі ұялы телефонды, оған арналған қуаттау құрылғысын қарап шықты. Сағат 10.00-де дабылды тоқтату туралы белгі берілді. Қазіргі уақытта медициналық орталық қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда белгісіз тұлға АвтоХҚКО ғимаратына салынған «бомба» туралы хабарлаған болатын.