«Ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін донорлық қанды өз еркімен тапсыру шарасы игі дәстүрге айналды. 29 маусымда жергілікті полиция қызметі көмекке зәру жандарға қол ұшын беру үшін Қан орталығына барды», - делінген хабарламада.
Бұл жолы 30 полицей қан тапсырды. Донор атануға ниет танытқандар көбірек болғаны, алайда барлығы іріктеуден өтпегені айтылды.
«Көпшілігі мұндай шараға алғаш рет қатысып тұрған жоқ. Облыстық қан орталығының мамандары ішкі істер органдарының қызметкерлері өңірде қан тапсыру бойынша ең белсенділердің бірі екенін жеткізді. Сирек кездесетін қан тобы бар полицейлер адамды құтқару керек болғанда дәрігерлердің қан тапсыруға байланысты өтінішін үнемі орындайды», - деп атап өтті облыстық ІІД баспасөз қызметінде.