Оқиға бүгін Қарағандыдағы автокөлік тұрақтарының бірінде орын алған.
«Есірткі заттарын тасымалдауда күдікті 48 жастағы әйелді санкцияланған тінту кезінде ол полицейлерге өзінің питбультерьер тұқымды итін айтақтаған. Полицейлердің табельдік қару - Макаров тапаншасын қолдануына тура келген. Салдарынан ит өліп, әйел жарақат алған - оқтың бірі оның сол аяғының тобығына тиген», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Зардап шеккен әйел полиция қызметкерлерінің қадағалауымен ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.
«Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде», - деп жалғастырды облыстық ІІД баспасөз қызметінде.