Қарағандыда полицейлер жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге қан тапсырды
«Бұл акция жол қозғалысы қауіпсіздігінің республикалық апталығы аясында өткізілді. Оған облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының, Қарағанды ІІБ-нің әкімшілік полиция бөлімі және жол-патрульдік полиция полкінің 65 қызметкері қатысты. Олардың ішінде 20-cы тұрақты донорлар болды», - делінеді хабарламада.
ІІД-нің ақпаратына сүйенсек, Қарағанды облысында жыл басынан бері салдарынан 171 адам қаза тауып, 947 адам жарақат алған 775 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
«Жол-көлік оқиғасының құрбандарын еске алу күні жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде өткізіледі. Бұл күні Қарағанды көшелерімен қара түсті көліктер легі өтеді. Түсте тілектестік белгісі ретінде полицейлер жүргізушілерді бір уақытта «темір тұлпарларының» клаксондарын басуға шақырады.