«Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің криминалды полициясы массаж салонының атын жамылып, жалға алған пәтерін жезөкшелер үйіне айналдырған азаматты ұстады»,-деп хабарлап отыр ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Атырау облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жалдамалы пәтерде қыздарды күшпен ұстап, жезөкшелікке итерген топты құрықтады.
«2016 жылдың өзінде-ақ полиция қызметкерлері жезөкшелікпен және «жеңгетайлықпен» айналысқан 228 фактіні анықтады. Оның ішінде 65 топ «қызметін» жалдамалы пәтерлерде жүргізген. Ұсталғандардың бәрі жазаға тартылды», - деп хабарлап отыр ІІМ баспасөз қызметі.