Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті берген мәліметтерге қарағанда, оқу-жаттығуларда терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қарағанды облыстық штабтың дайындығы тексеріледі.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, оқу-жаттығулар қақтығыс жағдайына барынша жақындатылған.
Өңірлік ІІД қала тұрғындары мен қонақтарын алаң болмауға шақырады.