24 тамыз күні сағат 21.05 шамасында 60 жастағы «Ленджровер» автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласына қарай бағыт алып келе жатып, Попов көшесі – 15 магистраль қиылысында 41 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам оқиға орынында көз жұмды. Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мәнжайы анықталуда», - деді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.