Еске сала кетейік, 25 мамырда Қарағанды қаласының Орталық демалыс саябағында қатты желдің салдарынан үрмелі батут аударылып кеткен болатын.
Оқиға салдарынан 11 жастағы бала қаза тауып, тағы да 2 бала түрлі жарақаттармен емханаға жеткізілді.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 306 бабы 3 тармағына сәйкес «Адам өліміне алып келген қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Тергеу барысы Қарағанды облысы Полиция департаментінің және прокуратурасы басшылығының бақылауында.
Сондай-ақ бүгін Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров жедел кеңес өткізді, онда уәкілетті органдарға үрлемелі аттракциондардың қызметін тоқтату, сондай-ақ орталық саябақтың барлық аттракциондарының қауіпсіздікке сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру туралы тапсырмалар берілді.
"Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары, батуттарды орнату фактілерін байқаған кезде полицияға хабарлауды өтінеміз.
Сонымен қатар, барлық ата-аналарды ойын-сауық және демалыс орындарына бару кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырамыз", - деп xабарлады
Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.