Қарағанды қаласының №36 сайлау учаскесінің мүшелерін ерекше сайлаушылар таңқалдырды. Екі азамат аюлар костюмін киіп, өз таңдауларын жасамақ болған. Алайда, оларға сайлауға қатысуға рұқсат етілмеді.
Оның себебін қалалық сайлау комиссиясында түсіндірді.
«Дауыс беру үшін сайлаушы құжатты ұсынуға міндетті, бірақ аюлар бетпердесін шешпеді. Сондықтан сайлау комиссиясының мүшелері оларға бюллетеньдер бере алмады, себебі ұсынылған құжаттар бойынша олардың жеке басын анықтау қиын болды. Бұл заңға қайшы болғандықтан және байқаушылар тарапынан наразылықтар тудыруы мүмкін болғандықтан оларды өткізе алмадық», - деді сайлау комиссиясының төрағасы Аристотель Исағұлов.