Қарағандылық апатқа ұшыраған көлік кабинасынан құлап түсіп, аман қалды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісінің кабинадан құлап түскен сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жоғары жылдамдықта келе жатқан көлік тайғанап, жолдың жиегіндегі темір қоршауға соғылғанын және содан кейін көлік кабинасынан жүргізушінің құлап түсіп, орнынан тұрған сәтін көруге болады.

Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысының Полиция департаменті түсінік берді.

«Көлік апаты 25 қазан күні шамамен сағат 13.15-те «Беркут» дәмханасы маңында болған. Теміртау қаласы бағытында келе жатқан «ВАЗ 21114» көлігінің жүргізушісі жолдағы метеорологиялық жағдайға байланысты туындаған қауіпті ескермей, көлік жылдамдығын арттырған. Салдарынан жүргізуші көлік руліне ие бола алмай, темір қоршауға соғылған. Зардап шеккен жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар