Қарағандының орталығында антитеррористік оқу-жаттығу өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 наурызда Қарағандының орталығындағы кейбір көшелер жабылды. Онда каскалар мен оқ өтпейтін кеудешелер киген қызметкерлер патрульдеді, жаяу жүргіншілерге жолға шықпау керектігі туралы ескертілді. Облыстың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін онда антитеррористік оқу-жаттығуу өткізілді.

Шара барысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қарағанды жедел штабының шұғыл жағдайларға дайындығы тексерілді. Тәртіп сақшыларының оқу-жаттығуы шынайы жағдайға жақындатылды.

Қарағанды облысының ІІД қарағандылықтарды дүрлікпеуге шақырады.