Полицейлер тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 436-бабы 1-бөлімі («елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану») және 476-бабының 6 бөлімі («төтенше жағдай режимін бұзу») бойынша хаттама толтырды. Материал Нұр-Cұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.
Полиция департаменті елорда тұрғындарына карантин кезінде үйден себепсіз шыққандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын тағы ескертеді.