2 қараша күні таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 110,37 доллар болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,06 долларға немесе 2,70%-ға төмен.
Oilprice.com мәліметінше, америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 3 долларға (2,88%) арзандап, барреліне 101,12 долларға дейін түсті.
Ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы да төмендеді. Оның құны барреліне 102,94 долларға жетті. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 7,54 долларға немесе 6,82%-ға аз.
Мұнай бағасына Иран мен Катар ресми өкілдерінің келіссөздері қысым жасады.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчидің хабарлауынша, оның орынбасарлары бастаған Иран делегациясы Катар мен Пәкістаннан келген делдалдармен консультацияларды жалғастыру үшін Дохаға аттанған.
Бұған қоса, Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдар да алаңдаушылық туғызып отыр.
Ұлыбритания Әскери-теңіз күштерінің Теңіз сауда тасымалдарын үйлестіру орталығы (UKMTO) Парсы шығанағында танкерге оқ атылғанын хабарлады.
Бұған дейін Иран Ормуз бұғазында америкалық барлау ұшқышсыз ұшу аппаратын ұстап алғанын мәлімдеген еді.