Кәрім Мәсімов өз сөзінде әскери қызметшілерді атаулы оқиғамен құттықтап, олардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан үлестерінің маңыздылығын атады, мемлекетіміздің теңіз шебін қорғауда жаңа жетістіктер тіледі.
16:23, 05 Қыркүйек 2019
Кәрім Мәсімов Ақтау шекара кемесінің экипажына әскери теңіз туын тапсырды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Ақтау қаласы теңіз портында ҰҚК ШҚ «Батыс» өңірлік жағалау күзеті басқармасы шекара кемесінің экипажына әскери-теңіз туын және «Нұр-Сұлтан» тақтайшасын тапсырды. Бұл жөнінде комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.