АСТАНА. KAZINFORM - Ауыр атлетикадан Қостанайдағы ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
Ерлер сайысында 73 келіде чемпиондық бәсеке алматылық Әлібек Рақымберді мен Ерасыл Сәулебековтің арасында өтетіндігі белгілі еді. Бұл салмақ Олимпиадалық салмақ ретінде саналады.
Кейінгі жылдарда екі спортшы аталған салмақта бір-бірімен бәсекеге түсіп келеді. 2022 жылы ел чемпионатында Ерасыл топ жарса, 2024 жылы Әлібек үздік екендігін дәлелдеп отыр.
Ал әйелдер арасында 2016 жылғы Рио Олимпиадасында қола медаль алған Карина Горичева (64 келі) қоссайыстың қорытындысымен 198 келіні (90 108) бағындырып, жеңіс тұғырына көтерілді. Одан кейінгі орындарды Айғаным Жанболат (Алматы облысы) менКира Данилова (Ақмола облысы) өзара бөлісті.
Еск салсақ, бұдан бұрын ауыр атлетикадан ел чемпионатында 17 ақпандағы жеңімпаздар анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.