Ауыр атлетикадан ел чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Ауыр атлетика
Фото: qaz_olympics

АСТАНА. KAZINFORM - Қостанай қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында 17 ақпандағы жарыс нәтижесі белгілі болды.

Дүбірлі додада бірқатар белгілі ауыр атлеттер жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Жазғы Азия ойындарының қатысушысы Петр Хребтов күміс жүлде алса, әйелдер бәсекесінде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Дарья Балабюкке жеңіс тұғырынан көрінді.

17 ақпандағы жарыс нәтижелері төмендегіше:

Ерлер. 67 келі.

1.Ақжол Құрманбек (Жетісу облысы) - 278 келі (125+153)
2.Петр Хребтов (Алматы қаласы) - 277 келі (124+153)
3. Виктор Надворный (Ақмола облысы) - 276 келі (124+152)

Әйелдер. 59 келі.

1.Дарья Балабаюк (Қарағанды облысы) - 179 келі (81+98)
2. Валерия Иванова (Жетісу облысы) - 156 келі (71+85)
3. Алтыншаш Оразбек (Астана қаласы) - 152 келі (67+85).

Еске салсақ, бұдан бұрын 13 жасар ауыр атлет ересектер арасында ел чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар