Қарттар күні: Астанада 110 мыңнан аса зейнеткерге ақша беріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

— Астана қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және алушылар санатын айқындау қағидаларына сәйкес, елордада тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге, сондай-ақ зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын зейнет жасындағы азаматтарға 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем қарастырылған, — делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ұсынған тізімге сәйкес, әлеуметтік көмек 110 мыңнан астам жасы бойынша зейнеткерді қамтиды.

Бұған дейін қылмыс құрбаны болсаңыз, қандай жағдайда мемлекет өтемақы төлейтіні туралы жазғанбыз.