«Қару» іс-шарасы аясында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді

Фото: polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық «Қару» жедел іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның нәтижесінде: 

— заңсыз айналымнан 340 қару, және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді;

— 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде 8-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, 6 қару бұрын жоғалған; 

— алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, 70 атыс қару тәркіленді; 

— тұрғындар 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды. 

Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай қаласының тұрғыны трафикті бұрмалап, деректерді сыртқа шығарғаны үшін сотталғанын жазғанбыз.