Қару сатып алудың жаңа ережесі күшіне енді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде пневматикалық және сигналдық қару, газ баллонын сатып алудың жаңа ережесі күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді азаматтар қару сатып алу үшін оны сататындүкенде кәмелеттік жасқа толғанын дәлелдеу қажет. Сондай-ақ, сотталмағанытуралы және медициналық анықтамалар ұсынып, қару ұстаудың қауіпсіздікережелерін білетіндігін дәлелдеуі керек», - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициякомитетінің төрағасы Мақсат Байболов.

Оның айтуынша, мұндай шара полицияның рұқсатынсыз сатылған қарумен жасалатынқылмыстың саны көбейгендіктен қолға алынып отыр.

«Үй ауласында ойнап жүрген балаларды пневматикалықтапаншамен қорқытқан мас адамды полиция өкілдерінің ұстаған видеосы әлеуметтікжеліге тараған болатын. Сол оқиға сөзімізге мысал бола алады», - деді М. Байболов.

ІІМ дерегі бойынша, 2017 жылдан бастап пневматикалыққару көмегімен 129 қылмыс жасалған. Оның 28-і қарақшылық, 79-ы бұзақылық, үшеуі кісі өлтіруге оқталу ретінде тіркелген.

Ал 2018 жылы Қазақстанға спорттық шараларда белгіберуге арналған 4 мыңнан астам сигналдық қару әкелінген.

Соңғы жаңалықтар