Ондағы 200 факті бойынша тұрмыстық жанжал оқиғасы расталмаған. Хабарламаны көбіне көршілер берген. Сонымен бірге 10 азамат жалған шақырту үшін (ӘҚБтК 438-бабы) жауапқа тартылған.
«346 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды. Құқықбұзушылықтың жолын кесу мақсатында 65 адамға қатысты әкімшілік ұстау шарасы қолданылды. Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңның 20-бабына сәйкес 300 қорғау нұсқамасы шығарылды», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева министрлікте өткен онлайн брифингіде.
Спикердің айтуынша, бұл адамдар полицияның профилактикалық есебіне қойылды. Полиция олардың өмір салты мен мінез-құлқын бақылауды күшейтеді.
«Сонымен қатар ол адамның жаңа құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу үшін әкімшілік құқықбұзушылықтарды қарау кезінде. Сот жанжал шығарушының мінез-құлқына ерекше талаптар орнатуға құқылы. Ол 3 айдан бір жылға дейінгі мерзімге орнатылады. Ерекше талаппен қосымша тағы бірнеше тыйым салынады: атыс қаруын және басқа да қаруды сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға болмайды; алкогольді ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотропты заттарды тұтынуға болмайды», - деп түсіндірді маман.
1 шілдеде сот белгілеген мінез-құлыққа қойылатын ерекше талапты бұзғаны үшін қамауға алу мерзімі де 10 тәулікке дейін ұзартылды. Ерекше талапты қайталап бұзса – 20 тәулікке қамалады.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілді. Енді құқық бұзушы жәбірленушімен бір рет қана татуласа алады. Отбасылық жанжал үшін агрессорға ескерту жасалады немесе 5 тәулікке қамауға алынады.
Қайта жасалған жағдайда – 10 тәулік қамауға алу, ұрып-соғу фактісі үшін – 10 тәулік қамауға алу, қайталанса – 20 тәулікке қамау көзделген.