«Қару-жарақ пен әскери техниканы мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жоспарымыз бар. Әрине, отандық өндірушіге, қару-жарақтың жаңа түрлерін сатып алуға басымдық беріледі. Былтыр бізге жаңа ұшақтар жеткізілді. Сонымен қатар, әуе қорғанысы жүйелері және басқа да құралдар да сатып алынды», - деді Сұлтан Қамалетдинов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, биыл Қазақстанның әскери бюджеті өсті.
«Қорғаныс министрлігінің әскери бюджеті қарастырылып, Қазақстанның ЖІӨ-дегі әскери бюджеті бір пайыз шамасында бекітілді», - деді министрдің орынбасары.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Әскери полиция органдары туралы» Заң мақұлданды.