Қаржылық мониторинг агенттігінің үздік тергеушілері анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы қаласында Тергеуші күніне орай «Тергеуші кубогы» атты зияткерлік викторина өтті. Байқаудың іріктеу кезеңдеріне барлық өңірлік департаменттердің тергеу бөлімдерінен 250-ден астам қызметкер қатысты. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.

Фото: ҚМА

Іріктеу қорытындысы бойынша кәсіби білімі, тәжірибесі мен дайындығы жоғары 20 үздік тергеуші анықталды.

— Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар зияткерлік викторина тапсырмаларын орындады. Екінші кезеңде финалистер тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы тәжірибелік дағдыларын көрсетті, — делінген хабарламада.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі тергеушілерге бұйырды: 

1 орын — Альнұр Исабеков, Шымкент қаласы бойынша ЭТД;

2 орын — Али Мумтаз, Алматы облысы бойынша ЭТД;

 3 орынды: Аяна Мулдашева, Батыс Қазақстан облысы бойынша ЭТД; Ануар Турабеков, Астана қаласы бойынша ЭТД; Айгерим Изимова, Ұлытау облысы бойынша ЭТД бөлісті.

Айта кету керек, бұл байқау жыл сайын өткізілетін болады. Осындай іс-шаралар қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға және өңірлік бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМА танымал блогерге мемлекетаралық іздеу жариялаған болатын.