«ҚР ІІМ Тергеу департаменті «Buy Time Incorporated LLP» компаниясына қатысты қаржы пирамидасын құру және оған басшылық жасау фактісі бойынша тіркелген қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын жүргізуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «Buy Time Incorporated LLP» қаржы пирамидасының 2017 жылғы наурыздан бастап қарашаға дейін республиканың барлық аумағында қысқа мерзімде мол табыс табуға уәде беріп, әрекет еткені анықталды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта пирамида әрекетінің нәтижесінде зардап шеккен куәлар мен жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.
«Осыған байланысты қаржы пирамидасынан зардап шеккен адамдар Тергеу департаментіне (Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, ж.т. 714335, ұ.т. 87023482619) немесе өз аумағы бойынша ІІД-ге өтініш білдіре алады», - деп атап өтеді ведомстводан.