KASE: доллар бағамы тағы нығайды

Фото: pixabay

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,74 теңгеге қымбаттап, 520,02 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 518,39 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 520,70 теңгеден сатып алынады, 522,85 теңгеден сатылады. Еуро 606,83 – 612,17 теңге, ал рубль 6,48 – 6,61 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,29 теңгеден сатып алынады, 75,01 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 518,58 теңгеден сатып алынады, 525,60 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 604,76 теңге, сату - 614,76 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,45 теңге, сату - 6,60 теңге.
- юань: сатып алу - 73,00 теңге, сату - 77,12 теңге.

Еске салайық, 10 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,5 теңгеге қымбаттап, 518,39 теңге болды.