KASE: Ұлттық валюта құлдырап, доллар бағамы 490 теңгеден асып кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Фото: Рexels

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,35 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 490,84 теңге.

Ұлттық банктің 10 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 489,06 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,05 теңге.

Еуро – 536,21.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 491,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 494 теңге. Еуро 535 — 539,5 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 490 теңге, сатып алу құны – 495 теңге.

Еуро 535 теңгеден сатылып, 541 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,03 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұған дейін қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірді.