Қашқын робот көлік жүрісіне кедергі келтірді (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Пермь қаласында сынақ алаңында роботтың автоматты жүріс алгоритімі тәжірибеден өткізілген. Зерттеу орталығының қызметкерлері қақпаны шала жапқандықтан ол ашылып робот көшеге шығып кеткен. Жоғалған машинаны олар тек 45 минуттан соң білген, деп жазады onliner.by.

Осы аралықта робот алысқа кете алмаған, көшенің ортасында кетіп бара жатқанда аккумуляторы отырып қалған.
Оны сол жерден жол полиция тапқан. Қашқын робот көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп тұрған. Роботқа айыппұл салынбады, алайда оны алып кетуге келген инженерлерге ескерту жасалды.