Бұл туралы ресейлік ТАСС Geo TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Телеарна таратқан мәліметтерге қарағанда, Пәкістан мен Үндістанның қарулы күштері бақылау сызығының бойындағы бірнеше бекетте түні бойы атысқан. Материалда үндістандықтар тарапынан атылған оқтың азаматтық аудандарға бағытталғаны айтылады.
Бұған дейін Үндістан әскері 9 мамырға қараған түні Пәкістанмен арада көптеген қақтығыстар болғанын хабарлаған еді.
Үндістан армиясының хабарлауынша, Пәкістан республикаға дрондар мен өзге де қаруды қолдана отырып шабуылдаған. Соққылардың беті қайтарылды. Бейресми деректер бойынша, әуе қорғаныс жүйесі 50-ге жуық пәкістандық дронды қағып түсірген.
Осыған дейін ЕО Үндістан мен Пәкістанды сабыр сақтауға шақырғаны туралы жазған едік.