Қасиетті Рамазан айы қашан басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Қ аза қ стан м ұ сылмандары діни бас қ армасыны ң Шари ғ ат ж ә не п ә туа б ө лімі 2025 жыл ғ ы діни к ү ндер кестесін бекітті . Б ұл туралы muftyat.kz жазды.

Фото: Әділет Беремкұлов/ Kazinform

Кестеге сәйкес қасиетті Рамазан айының бірінші күні 1 наурызға сәйкес келеді.

26 наурыздан 27 наурызға қараған түні – Қадір түні.

Ораза айт 30 наурызға, ал Құрбан айт күндері 6-8 маусым аралығына түседі. 

Фото: ҚМДБ/muftyat.kz

«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік,  Голливуд жұлдызы Уилл Смит Рамазан айында Құран Кәрімді толығымен оқып шыққанын жариялады. Бұл жайында актер Big Time Podcast подкастына берген сұхбатында айтқан еді.